27.04.2020 күні Yessenov University-де «Бизнес және құқық» факультетінің ұйымдастыруымен «Каспий аймағы: жаңа қатерлер мен жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті.

Конференцияның мақсаты: Каспий маңы аймағындағы ғылым мен білімнің басым бағыттары бойынша мәселелерді талқылау және талдау үшін алаң құру, тәжірибе алмасу, отандық және шетелдік зерттеушілер арасында ғылыми байланыстар орнату, сондай-ақ әлеуметтік маңызды бастамаларды қолдау.

Онлайн конференциясының жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

Каспий елдерімен қаржы-экономикалық қатынастар және халықаралық ынтымақтастық; — Каспий маңы мемлекеттері ұстанымы үшін Каспий аймағының құқықтық мәртебесі;

Каспий аймағы: туризм, логистика және экономиканың даму перспективалары. Халықаралық онлайн конференция жұмысына университеттің профессорлық-оқытушы құрамы, республика ЖОО-ның ғалымдары, сонымен қоса жақын және алыс шет елдердің жоғары оқу орындарының белгілі ғалымдары Himmet Karadal — Bolu Abant Izzet Baysal университетінің (Түркия) профессоры; Jalal Malakootifar — «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша Вена университетінің түлегі (Австрия) (Ислам республикасы Иран); Тургаева А.А. — Астрахан Мемлекеттік техникалық университетінің доценті (Ресей); Dababrata Chowdhury — Sufflok университетінің (Ұлыбритания) профессоры қатысты.

Leave a Reply

KEEP READING...

You may also like