Халықаралық қатынастар және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы студенттерді «Орталық Азиядағы аймақтық көшбасшылық: білім, дипломатия және тұрақты даму» тақырыбындағы қонақ дәріске шақырады.
Спикер
Бибіназ Альман, PhD кандидат, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Күні
23 қазан 2026 жыл, 18:00
Орны
Yessenov University, E305 аудиториясы
Спикер — Бибіназ Альман, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің PhD кандидаты, БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары бойынша Қазақстандағы аймақтық үйлестіруші.
Аймақтық көшбасшылық, дипломатия және тұрақты даму мәселелерін бірге талқылау мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар! Барша студенттерді шақырамыз.
📷 Дереккөз: Халықаралық қатынастар және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының Instagram парақшасы (yu_mospd)

