Құқық және халықаралық қатынастар факультетінің студенттері интеллектуалды сайыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, факультеттің атын биікке көтерді.
Мамандық
Құқық қорғау қызметі, 1-курс
Сайыс
«Менің Қазақстаным: тарих, құқық, болашақ»
Нәтиже
ІІ орын
Республика күніне орай ұйымдастырылған интеллектуалды сайыста Баймағамбетова Нұрия мен Амалбек Әдемі ІІ орынды иеленді.
Сонымен қатар «YU: IQ BATTLE» топтық сайысында «Демократ» командасы — Амалбек Әдемі, Ашықбай Мұхаммед, Ұрдабай Нұрболат, Жетесбай Көбейісі — ІІ орынға ие болды.
Факультет ұжымы студенттерді жеткен жетістіктерімен құттықтап, жаңа жеңістер тілейді!
📷 Дереккөз: «Құқықтану» кафедрасының Instagram парақшасы (_yessenov_law)

