Құқық және халықаралық қатынастар факультетінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының ардақты қызметкері, ерлікпен қаза тапқан полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың жарқын ерлігі мен өнегелі өмір жолын насихаттауға арналған «ЕРЛІК – ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҮЛГІ» атты тағылымды кездесу өтті.
Іс-шараны университеттің Атқарушы вице-президенті Е.Т. Нұрмағанбет ашып, Ғазиз Байтасовтың ел қауіпсіздігі жолындағы жанқиярлық ерлігі жас ұрпақ үшін мәңгілік үлгі екенін атап өтті.
Кездесу барысында Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары Самет Сәкен Ілиясұлы мен Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Мұқан Алмас Мешітбайұлы сөз сөйлеп, құқық қорғау қызметінің жауапкершілігі мен батырлықтың мәні туралы ой бөлісті.
Шараның ерекше әсерлі сәттерінің бірі – Ғазиз Байтасовтың өмірлік серігі Тәжиева Гүлжамал Махамбетқызының естелік әңгімесі болды. Ол батыр ұлының өмір жолы, азаматтық ұстанымы мен Отан алдындағы адал қызметі жөнінде сыр шертіп, жастарды елге адал қызмет етуге шақырды.
6В04201 «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті Н.Е. Бердібек «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі» тақырыбында баяндама жасап, Ғазиз Байтасовтың ерлігінің тарихи және тәрбиелік маңызына тоқталды.
Кездесу аясында студенттер батырдың өмірі мен қызметі туралы сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасуға қатысты.
Іс-шара соңында Ғазиз Байтасовтың рухына тағзым ретінде бір минут үнсіздік жарияланып, қатысушылар естелік суретке түсті.
Ғазиз Байтасовтың ерлігі – елге мұра, ұрпаққа үлгі. Оның есімі мен ерлік жолы өскелең ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталады.


