2026 жылғы 13–15 мамыр аралығында Түрікменстан Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық қатынастар институтында жас дипломаттар мен дарынды студенттердің басын қосқан ауқымды халықаралық олимпиада өтті.

Аталған шараға әлемнің жетекші жоғары оқу орындарынан келген халықаралық делегация құрамындағы 150-ден астам студент қатысты. Олимпиада жастар арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, тәжірибе алмасуға, дипломатиялық дағдыларды дамытуға және зияткерлік пікірталастар өткізуге арналған маңызды алаңға айналды.

Қазақстан атынан Yessenov university Құқық және халықаралық қатынастар факультеті халықаралық қатынастар мамандығының 2, 3 және 4 курс студенттері кафедра оқытушысы Шарбану Нұрғазының жетекшілігімен қатысып, барлығы да жоғары нәтижелер көрсетті.

Олимпиада қорытындысы бойынша:

Закария Жасмина — I орын

Сафронов Артур — II орын

Куныс Аида — III орын

Халықаралық деңгейде ел намысын абыроймен қорғаған студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

Leave a Reply

KEEP READING...

You may also like