Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінің делегация мүшелері Зерттеу және даму жөніндегі вице-президент Асқар Әбиұлы Сейдалиевпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар ғылыми-зерттеу бағытындағы ынтымақтастықты дамыту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, академиялық ұтқырлықты арттыру және тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.

Алдағы уақытта екіжақты байланыстарды нығайту және ортақ ғылыми бастамаларды жүзеге асыру бойынша келісімдерге қол жеткізілді.

Кездесу аясында бірлескен ғылыми жарияланымдар дайындау, халықаралық гранттық жобаларға қатысу және жас ғалымдардың әлеуетін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Бұл кездесу – университеттер арасындағы халықаралық әріптестікті дамытудағы маңызды қадам.

Халықаралық байланыстарды нығайту – білім мен ғылымның сапасын арттырудың басты кепілі.

Leave a Reply

KEEP READING...

You may also like