2026–2027 оқу жылының 1-семестрінде Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің «Құқық және халықаралық қатынастар» факультетінің 6В04201 – Құқықтану білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері Даниярбек Ернар мен Тілеужан Нұрдәулет академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Есіл университетінде офлайн форматта білім алуда.
Академиялық ұтқырлық студенттердің кәсіби білімін тереңдетуге, жаңа академиялық ортаға бейімделуіне және тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді.
Аталған бағдарлама жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және білім алушылардың академиялық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

