Ақтау қаласында VIII Халықаралық студенттік ойындардың — Caspian Games 2026 ашылуы өтті.

5–9 қазан аралығында өтетін халықаралық спорттық іс-шараға Каспий маңы мемлекеттерінің студенттері қатысуда. Жарыс барысында жас спортшылар спорттық шеберліктерін көрсетіп, тәжірибе алмасып, халықаралық деңгейде өзара ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік алады.

Студенттік ойындарды өткізу — жоғары оқу орындары арасындағы академиялық және мәдени байланыстарды дамытумен қатар, жастардың спорттық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі.

Caspian Games 2026 аясындағы жарыстар 9 қазанға дейін жалғасады.

Leave a Reply

KEEP READING...

You may also like