Yessenov University-де «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы Г.Б. Шахаеваның ұйымдастыруымен «Конституция және заң мен тәртіп қағидаты: құқықтық мәдениетті қалыптастыру» атты құқықтық-ағартушылық іс-шара өткізілді.

Іс-шараға Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыру, бақылау басқармасының басшысы Б. Асанов, Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің тергеу басқармасы басшысының орынбасары Н. Смагулов және «Құқықтану» мамандығының 4-курс білім алушылары қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың конституциялық құқықтар мен міндеттер туралы білімдерін кеңейту, заңдылық пен құқықтық тәртіптің маңызын түсіндіру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және болашақ заңгерлердің кәсіби жауапкершілігін арттыру.

Кездесу барысында Конституцияның қоғам өміріндегі рөлі, заң мен тәртіп қағидатының маңыздылығы, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды. Департамент өкілдері білім алушыларға құқық қорғау және экономикалық тергеп-тексеру органдарының қызметі, заңдылықты қамтамасыз ету, қызметтік тәртіп пен кәсіби жауапкершілік мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибелі мамандармен пікір алмасты.

Кездесу барысында болашақ заңгерлердің құқықтық білімін тәжірибемен ұштастыру, құқық қорғау саласындағы кәсіби қызметтің ерекшеліктерін түсіну және заң талаптарын сақтаудың қоғамдағы маңызын ұғыну мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Осындай кездесулер білім алушылардың құқықтық мәдениетін дамытуға, заңдылық пен тәртіп қағидаттарын құрметтеуге және болашақ мамандардың кәсіби қалыптасуына ықпал етеді.

Leave a Reply

KEEP READING...

You may also like