Каспий теңізінің тарихи-геосаяси маңызы мен Алтын Орданың халықаралық байланыстарын талқылауға арналған ғылыми дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында отандық және шетелдік ғалымдар, зерттеушілер мен сарапшылар Алтын Орданың халықаралық қатынастар жүйесіндегі орны, оның дипломатиялық байланыстары, Каспий аймағының тарихи рөлі және ортағасырлық кезеңдегі саяси-мәдени өзара ықпалдастық мәселелерін талқылады.

Дөңгелек үстелге Қазақстан мен Түркияның ғалымдары мен зерттеушілері қатысып, өздерінің ғылыми тұжырымдары мен зерттеу нәтижелерімен бөлісті.

Кездесу тарихи мұраны зерделеу, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайту және Каспий аймағының ортақ тарихына қатысты ғылыми диалогты дамыту тұрғысынан маңызды алаңға айналды.

Іс-шараны Yessenov University Құқық және халықаралық қатынастар факультетінің Халықаралық қатынастар және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы ұйымдастырды.

Ғылыми диалог пен халықаралық ынтымақтастықтың дамуына үлес қосқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!

Leave a Reply

KEEP READING...

You may also like