20 қазан күні Yessenov University-де Республика күніне орай «Республика күні: өткенге тағзым, болашаққа бағдар» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырылды
Дөңгелек үстелге Түркияның Хаджеттепе университеті (Анкара), Мемлекет тарихы институтының Еуразиялық және саяси зерттеулер бөлімі (Астана), Маңғыстау облысының Полиция департаменті және Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-талдау орталығының өкілдері, сондай-ақ университет оқытушылары, магистранттар мен студенттер қатысты.
Кездесу барысында Республика күнінің тарихи маңызы, ұлттық бірегейлікті нығайту, тарихи сананы қалыптастыру, қоғамдық дипломатияны дамыту, құқықтық мәдениет пен заманауи қоғамдық этика мәселелері кеңінен талқыланды.
Қатысушылар ел дамуының тарихи кезеңдеріне тоқталып, қоғамдағы ортақ құндылықтарды сақтау, азаматтық жауапкершілікті арттыру және болашақ ұрпақтың ел тағдырына белсенді араласуы жөнінде пікір алмасты.


