2026 жылғы 9 қазанда Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде Каспий өңірі университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтары қауымдастығының XXVIII Бас Ассамблеясы өтті.

Іс-шараға Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Иран және Түрікменстанның жетекші жоғары оқу орындарының басшылары мен өкілдері қатысып, Каспий өңіріндегі жоғары білім мен ғылымды дамыту, академиялық ұтқырлықты кеңейту, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және бірлескен ғылыми-білім беру жобаларын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Ассамблея аясында серіктес университеттер арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылып, бірқатар жоғары оқу орындары қауымдастықтың марапаттарымен және арнайы сыйлықтарымен марапатталды.

Бұл маңызды халықаралық алаң Каспий өңіріндегі университеттер арасындағы өзара серіктестікті жаңа деңгейге көтеріп, білім мен ғылым саласындағы тәжірибе алмасуға және болашақ бірлескен жобаларды жүзеге асыруға тың серпін берді.

Құқық және халықаралық қатынастар факультеті халықаралық білім беру кеңістігін дамытуға бағытталған мұндай маңызды бастамалардың жүзеге асуына қолдау білдіріп, іс-шараның барлық қатысушыларына жемісті жұмыс пен жаңа жетістіктер тілейді.

Leave a Reply

KEEP READING...

You may also like