2026 жылғы 17 қазанда Ш. Есенов университеті мен Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі» атты жүгіру марафоны өтті.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларды қолдау.
Марафонға университет студенттері қатысып, өздерінің спорттық дайындығы мен жеңіске деген жігерін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша Құқық және халықаралық қатынастар факультетінің «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Жалғасов Айдос жастар арасында I орынға ие болды.
Студентімізді лайықты жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта толағай табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!


